«LEVEL UP» жетекшілігі.

Практикум: Бір сұраныс. Бір ай. Жаңа деңгей.

Алға жылжуға не кедергі екенін жай ғана түсініп қоймай, ішкі күйіңізді, ойлау жүйеңізді және әрекетіңізді өзгертіп, оны нақты нәтижеге айналдырғыңыз келетіндерге арналған практикум.

01
Woman in coat and hijab
LEVEL UP

Ішкі шектеулерден нақты әрекеттер мен нәтижелерге апаратын жол.

01 / LEVEL UP

LEVEL UP ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

LEVEL UP — бір сұраныспен бір ай бойы жүйелі жұмыс істеуге арналған ай сайынғы практикум.

Бұл толықтай өтіп шығуды талап ететін классикалық курс емес.

01

бір сұраныспен бір айға қатыса аласыз;

02

келесі айда жаңа сұраныс таңдай аласыз;

03

алдыңғы сұраныспен жұмысты жалғастыра аласыз;

04

жаңа деңгейге өту қажет болған кезде практикумға қайта қосыла аласыз.

Әр ай — жеке жұмыс циклі. Біз бір уақытта өмірдегі барлық мәселені шешуге тырыспаймыз. Біз дәл қазір сіз үшін ең маңызды бір негізгі сұранысты таңдап, оның жүзеге асуына кедергі келтіретін факторлармен жүйелі түрде жұмыс істейміз.

Woman in hijab
02 / КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН?

LEVEL UP КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН?

Егер сіз:

табысыңызды арттырғыңыз келсе;
қаржылық шектеуге тап болғаныңызды сезінсеңіз;
жеке практикаңызды бастағыңыз немесе дамытқыңыз келсе;
қызметтеріңіздің бағасын көтергіңіз келсе;
өзіңізді көбірек көрсетіп, жеке брендіңізді дамытқыңыз келсе;
қызметтеріңізді сатуға қорқатын болсаңыз;
көп нәрсе білсеңіз де, әрекетті кейінге қалдыра берсеңіз;
не қалайтыныңызды түсінсеңіз де, оны жүзеге асыруға кірісе алмасаңыз;
қалыптасқан әрекет ету сценарийлеріңізді өзгерткіңіз келсе;
кәсіби немесе жеке өміріңізде өзгеріс кезеңінде болсаңыз;
өз мүмкіндіктеріңізді жаңа деңгейде жүзеге асырғыңыз келсе —

LEVEL UP сізге арналған.

03 / БІР АЙ

БІР АЙ ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

Бір ай ішінде біз төрт кезеңнен жүйелі түрде өтеміз:

MINDSET → NEURO BALANCE → EMDR & RESOURCE → NEW LEVEL

Ішкі шектеулерді түсінуден бастап — ішкі күйге, шешімге және нақты әрекетке дейін жетеміз.

1-АПТА

MINDSET

Ойлау жүйесі және мидағы шектеулермен жұмыс

01

Бірінші сұрақ:

«Менің қалаған нәтижеге жетуіме ішімде не кедергі болып тұр?»

Біз зерттейміз:

  • ● шектеуші сенімдерді;
  • ● ақша блоктарын;
  • ● қорқыныштарды;
  • ● ішкі қайшылықтарды;
  • ● әрекет ету сценарийлерін;
  • ● өзіңіз және өз мүмкіндіктеріңіз туралы сенімдерді;
  • ● қалаған нәтиже мен қазіргі әрекеттер арасындағы алшақтықты.

Ішкі қайшылықтармен құрылымдалған жұмыс және «Конфайнмент» моделі қолданылады.

Нәтижесі

Сізді қазіргі нүктеде ұстап тұрған факторларды түсініп, алға жылжу үшін қандай ішкі өзгерістер қажет екенін анықтайсыз.

2-АПТА

NEURO BALANCE

Назар, ішкі күй және ресурстармен жұмыс

02

Түсіну жеткіліксіз. Адам не істеу керектігін өте жақсы білуі мүмкін. Бірақ соған қарамастан әрекетті кейінге қалдырады, қорқады немесе бұрынғы мінез-құлық үлгісіне қайта оралады.

Сондықтан екінші аптада біз ішкі күймен жұмыс істейміз.

Жұмысты мына сұрақтан бастаймыз:

«Менің сұранысымды шешу үшін не істеуім қажет?»

Практикада:

  • ● назарды шоғырландыру;
  • ● сенсорлық ауыстыру;
  • ● денені сканерлеу;
  • ● визуализация;
  • ● қалаған нәтиже бейнесімен жұмыс;
  • ● нейрографиялық сурет салу;
  • ● түстер арқылы кодтау;
  • ● келесі нақты әрекетті анықтау сияқты әдістер қолданылады.
Нәтижесі

Сіз өз реакцияларыңызды байқауды, ішкі күйіңізбен жұмыс істеуді және ішкі өзгерістерді нақты шешімдер мен әрекеттерге айналдыруды үйренесіз.

3-АПТА

EMDR & RESOURCE

Эмоциялық реакциялар және ресурстық күймен жұмыс

03

Кейде адам не қалайтынын түсінеді, бірақ эмоционалды түрде өзгеріске дайын болмайды.

Үшінші аптада біз EMDR тәсілінің құралдары мен ресурстық практикаларды қолданамыз.

Жұмыс барысында:

  • ● ресурстау;
  • ● қауіпсіз орын образын қалыптастыру;
  • ● «Мен» бейнесінің позитивті аспектілерімен жұмыс;
  • ● триггерлерді зерттеу;
  • ● денедегі сезімдермен жұмыс;
  • ● билатералды стимуляция элементтері;
  • ● образдық және сурет салу техникалары қолданылуы мүмкін.
Нәтижесі

Сіз эмоционалдық күйіңізді тұрақтандыруға арналған құралдарды меңгеріп, сұранысыңызды жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін реакцияларды байқауды үйренесіз.

4-АПТА

NEW LEVEL

Ішкі жұмыстан — нақты әрекетке

04

Енді болған өзгерістерді жүйеге айналдырамыз.

Сіздің сұранысыңызға байланысты:

  • ● мақсаттармен;
  • ● стратегиямен;
  • ● жеке брендпен;
  • ● маркетингпен;
  • ● өніммен;
  • ● қызмет құнымен;
  • ● сатумен;
  • ● ілгерілетумен;
  • ● контентпен;
  • ● қаржылық мақсаттармен;
  • ● әрекет жүйесімен жұмыс жасаймыз.

Негізгі сұрақ:

«Практикум аяқталғаннан кейін мен нақты не істеймін?»

Біз жеке даму жол картасын құрамыз:

СҰРАНЫС → ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІ → ІШКІ КҮЙ → ШЕШІМ → ӘРЕКЕТ → НӘТИЖЕ

Нәтижесі

Сіз өзіңізді түсінумен ғана шектелмей, әрі қарай не және қалай әрекет ететініңізді нақты білесіз.

04 / ЕРЕКШЕЛІГІ

LEVEL UP
НЕМЕН
ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?

ЖАЙ ҒАНА ИНСАЙТ ЕМЕС

Біз мәселені түсінумен ғана тоқтамаймыз.

ЖАЙ ҒАНА МОТИВАЦИЯ ЕМЕС

Біз сізді «өзіңізге сеніңіз» деп қана жігерлендірмейміз.

ЖАЙ ҒАНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЕМЕС

Ішкі жұмысты нақты өмірдегі жүзеге асырумен байланыстырамыз.

ЖАЙ ҒАНА БИЗНЕС-ЖОСПАР ЕМЕС

Егер адам іштей әрекет етуге дайын болмаса, стратегияның өзі жеткіліксіз.

LEVEL UP төрт деңгейдегі жұмысты біріктіреді:

Ойлау жүйесі
Ішкі күй
Психологиялық ресурстар
Әрекет
05 / СҰРАНЫСТАР

СҰРАНЫСТАРҒА
МЫСАЛДАР

Әр ай сайын сіз өзіңіз үшін маңызды бір негізгі сұранысты (запрос) таңдайсыз.

ТАБЫС

«Табысымды 2 есе арттырғым келеді»

КАРЬЕРА

«Кәсіби тұрғыда жаңа деңгейге көтерілгім келеді»

ЖЕКЕ ПРАКТИКА

«Клиенттерді өз бетімше қабылдауды бастағым келеді»

ҚЫЗМЕТ ҚҰНЫ

«Қорықпай қызметтерімнің бағасын көтергім келеді»

ӨЗІН КӨРСЕТУ

«Өзімді көрсетуге деген қорқыныштан арылғым келеді»

САТУ

«Қызметтерімді экологиялық түрде сатуды үйренгім келеді»

ЖЕКЕ БРЕНД

«Танымал сарапшы болғым келеді»

ӘРЕКЕТ

«Не істеу керектігін білемін, бірақ үнемі кейінге қалдыра беремін»

06 / ФОРМАТ

ФОРМАТ

Бір циклдің ұзақтығы: 1 ай
Форматы: практикум
Жұмыс: қатарынан 4 апта
Әр апта: LEVEL UP әдістемесінің жеке кезеңі.

АЙ АЯҚТАЛҒАННАН КЕЙІН СІЗ:

01 тоқтай аласыз;
02 жұмысты жалғастыра аласыз;
03 келесі айда жаңа сұраныспен қайта қосыла аласыз.
07 / ҚҰНЫ

ҚҰНЫ

08 / НӘТИЖЕ

НЕГЕ LEVEL UP
НӘТИЖЕ БЕРЕДІ?

Өйткені біз барлық мәселені бір уақытта шешуге тырыспаймыз.

Біз дәл қазір ең маңызды бір нүктені таңдап, онымен бірнеше деңгейде жүйелі түрде жұмыс істейміз:

01 Мен не ойлаймын?
02 Мен не сезінемін?
03 Мен қалай әрекет етемін?
04 Маған нені өзгерту қажет?
05 Мен нақты не істеймін?

Осылайша тек жаңа түсінік қалыптаспайды.
Жаңа әрекет ету тәсілі қалыптасады.

LEVEL UP

Бір сұраныс. Бір ай. Жаңа деңгей.

Бұл — ішкі шектеулерден нақты әрекеттер мен нәтижелерге апаратын жол.

Келесі деңгейіңізді бүгін бастаңыз.